KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Биылғы ҰБТ қорытындысы қандай?

Фото: egemen.kz

23.06.2023, 18:19 314

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 218 мыңға жуық тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 0,1%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 78%-ға жуық талапкер жинады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл орташа балл 69-ды құрады. Ең жоғары балл – 137.

– ҰБТ-ның бесінші аптасы аяқталды. Осы аптада ЖОО қабылдау комиссиясы өз жұмыстарын бастап, 25 тамызға дейін оқуға түсуге құжаттарды қабылдайды. Сондай-ақ «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтауға» түсушілер үшін міндетті болып табылатын емтихандар басталды. ЖОО-лар 7 шілдеге дейін шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініштерді қабылдап, емтихандардың өзін 8-15 шілде аралығында өткізеді. Грант конкурсына құжат қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив