Өскеменде мұғалімдерді қайта даярлайтын курс ашылды. Шарттары қандай?
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде педагог мамандарын қайта даярлайтын курсы ашылды.
Өңірімізде математика, ағылшын тілі, бастауыш мектепке дейінгі білім мен тәрбие, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері жетіспейді. Бұл туралы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген мәлім етті.
- Білім министрлігінің тапсырмасына сай педагог мамандарды қайта даярлау курстарын ашатын боламыз. Курс 2021 жылдың 11 қаңтарынан басталып, жеті ай көлемінде оқытылады. Яғни, 1200 сағат. Бізге жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін жұмыс берушілер келіп сабақ беруі керек. Себебі олар өз ісінің маманы. Мысалы, жақсы эколог маман өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсы біледі. Дегенмен, оның да педагогикалық білімі жоқ. Сондықтан біз оған педагогикалық-психологиялық пәндерді 7 ай көлемінде оқытамыз. Бұл еліміздегі педагог мамандарының жетіспеушілігін шешудің жолдарының бірі, - дейді Мұхтар Төлеген.
Жауапты мамандардың айтуынша, қайта даярлау курсынан өткендерге арнайы сертификат беріледі. Десе де, курстан өту үшін мынадай талаптар қойылады. Бірінші, педагогикалық емес, жоғары кәсіптік білімі бар болуы. Екінші, педагогикалық қызметке алғаш кірісуші тұлғалар (5 деңгейлі қолданбалы бакалавр, бакалавр, магистр дәрежелері бар тұлғалар өтеді).
- Аталған сертификат арнайы Білім министрлігімен бекітіледі. Оқудың бағасы 230 мың теңге. Курс бұрын соңды білім саласында қызмет жасамаған, өндірісте, медицина саласында немесе басқа да салаларда қызмет істеген адамдарға педагогикалық қызметпен айналысуға мүмкіндік береді, - дейді С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының деректоры Бақытжан Бекенқызы.
Курсқа қатысушылар алдымен арнайы тестілеуден өтеді. Сонымен қоса, сертификат маманға жаңа біліктіліктің берілгенін растаумен қатар өмірлікке беріледі.
- Сертификат маманның қайта даярлаудан өтіп, жаңа мамандық игергендігі туралы құжат. Нормативтік құжаттарда мерзімі шектелмеген. Курсты маман өз еркімен оқиды. Курстар тек педагогикалық мамандықтарға бағытталған. Құжат қабылдау барысында Ұлттық біліктілік шеңберіне сай, сәйкестік кестесі негізінде тұстас мамандықтардың дипломы ескеріледі. Сабақ пандемияға байланысты онлайн оқытылады. Сонымен бірге, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне өзінің дипломына байланысты арнаулы пәндердің оқытушысы бола алады. Курстан өту барысында арнайы іс-тәжірибеден де өткізіледі, - дейді Бақытжан Бекенқызы.
Таунар Қайратұлы

Оқи отырыңыз