Шығыстың жас сарбаздары сынға түсті
Семейдегі Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта мектепте ҚР Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне орай жас сарбаздар арасында «Алау-2020» әскери-патриоттық ойындары өткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталған ойынға жас сарзбаздар сыныбы ашылған мектептер қатысты. Қашықтан өткен жарыста күш жаттығулары, газтұмылдырықтың уақыттық нормативін орындау, әскери дайындықтан теориялық сұрақтарға жауап беру сынды бөлімдер болды.
Жарыстың шымылдығын Ж.Аймауытов атындағы мектептің директоры Дулат Баитунов ашып қатысушыларға сәттілік тіледі,
Әскери-патриоттық ойындарға Семей қаласының жасөспірімдер мен балалар шығармашылық сарайының қызметкерлері запастағы майорлар Бекен Укубасов, Болат Құрманов, 31767 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Виталий Юрьевич, 2 сыныпты сержант Ахат Асенов төрелік етті.
Жарыстың өтуіне мектеп мұғалімдері Бекболат Сарсенбин, Тимур Алимов, Мират Мағзумов, Бауыржан Шарипханов, Айдана Ақылтаева, Алина Доскина атсалысты.
Әскери – спорттық жарыстың қорытындысы бойынша Ж. Аймауытов атындағы жалпы орта мектептің жас сарбаздары үздік шығып, Өскемен қаласы әкімдігі №49 жалпы орта білім беретін мектебі, № 38 жалпы орта мектебі жүлдегерлер қатарында болды.