ШҚО-да тұңғыш рет бүйректің қатерлі ісігіне роботтандырылған ота жасалды
ШҚО көп салалы онкология және хирургия орталығының онколог дәрігерлері онкоурологияда роботтандырылған хирургияны енгізді. Тұңғыш рет бүйректің қатерлі ісігіне роботтандырылған ота жасалып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мұндай ота ШҚО-да ғана емес бүкіл Қазақстанда тұңғыш рет жасалған екен. Демек, мамандандырылған онкологиялық көмек аймақ тұрғындары үшін жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға болады.
Бұл туралы аталмыш орталықтың баспасөз қызметі мәлімдейді.
"Роботтандырылған адреналэктомия 64 жастағы науқасқа жасалды. Ол оң жақ бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан. 40 минутқа созылған отаны дәрігер Хусан Өмірзақов пен оның ассистенттері Асқар Ибраев және Саян Сағидуллин жүргізді. Қазіргі уақытта емделушінің жағдайы қанағаттанарлық, - деп көрсетілген баспасөз ақпаратында.
Адреналэктомия – өте күрделі хирургиялық ота екенін айта кеткен жөн. Органның горманалды-белсенді ісіктері кезінде жасалады. Мұндай қатерлі ісік ішкі секреция мен зат алмасудың бұзылуына, гипертензияға және басқа да қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. Ота кезінде безді органға жасалатын манипуляциялардың қыр-сырын білумен қатар эндокринологиялық өзгерістердің ерекшеліктерін де жете білу қажет.