Алтай ауданындағы ауруханаға күрделі жөндеу жүргізіледі
Шартты сурет
Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы биыл күрделі жөндеуден өтеді.
Сондай-ақ миллиардтан астам қаржы бөлініп, заманауи жабдықтармен жабдықталмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 40-тан астам жаңа техника сатып алынады. Ол үшін бюджеттен миллиардтан астам қаржы бөлінген.
Клиниканың бас дәрігері Олжас Нұрекенов ауданаралық көпсалалы аурухана деңгейіне дейін жаңарту жоспарланып отырғанын атап өтті. Яғни, ол қызмет көрсету сапасын арттырады.
Биыл аудандағы сонолог, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог мамандар шетелде оқып қайтты.