ШҚО мен Абай облысының нейрохирургтері тәжірбие алмасты

Фото: inbusiness.kz
ШҚО мамандандырылған орталығының инновациялық медицина бөлімшесі дәрігерлері алғаш рет Абай облысында мастер-класс өткізді.
Шығысқазақстандық мамандар екі күн бойы тікелей операциялар кезінде көрші облыстағы әріптестеріне дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мастер-класс аясында инновациялық медицина бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург, PHD докторы Жандос Уаптың басшылығымен Абай облысының он тұрғынына жоғары технологиялық операция жасалды.
Айта кетейік, өскемендік дәрігерлер тобы университет госпиталінің техникалық мүмкіндіктерінің жоғары екенін, осындай күрделі операцияларды жасау үшін заманауи жабдықтармен толық жарақтандырылғанын атап өтті.