ШҚО-да медициналық мекемелер қалай жабдықталып жатыр?
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының инфекциялық стационарларында 346 өкпені жасанды желдету аппараты және 67 рентген аппараты бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сондай-ақ аймақ ауруханаларында 1,1 мыңнан астам оттегі концентраторы бар. Олардың 76-сы бұрын медициналық ұйымдарда қолданылған, 200–і жергілікті бюджеттен, 866-сы демеушілер мен қайырымдылық қорларының көмегімен сатып алынды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пандемия басталған кезде оттегі станциялары орнатылған 6 медициналық мекеме жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тағы да 3 мекемеге қосымша оттегі магистралдары жүргізілді. Бүгінде 12 медициналық ұйымда оттегі магистралдарын орталықтандырылып, оттегі станциялары орнатылды. Ауруханаға жатқызылған пациенттер 100% оксигенотерапиямен қамтылған.
Сондай-ақ 27 кереует жанындағы монитор, 50 инфузиялық сорғы, 165 перфузор, 200 пульсоксиметр, 2 балалар ӨЖЖ аппараты, 200 көпфункционалды кереует сатып алынған. Тағы 158 монитор мен 3 ЭКМО алу жоспарда бар.