KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да 400-ге жуық өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс істеп тұр

30.10.2020, 19:12 116

Коронавирустық инфекцияның «екінші толқыны» кезеңінде уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін облыста барлығы 346 өкпені жасанды желдететін аппарат және 67 ренген аппараты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс сайтының тілшісі. 

Қолда бар 196 ӨЖЖ аппаратына, 57 цифрлық рентген аппаратына қосымша 50 ӨЖЖ аппараты сатылып алынды және денсаулық сақтау министрлігі сатып алған 100 ӨЖЖ, 10 рентген аппараты жеткізілді.

Сондай-ақ, облыста 1142 оттегі концентраторы бар, оның 76-сы медициналық ұйымдарда бұрыннан болған, 200-і жергілікті бюджеттен, 866-сы демеушілер мен қайырымдылық қорлары тарапынан сатылып алынды.

Облыстың 12 медициналық ұйымында оттегі магистралдарын қосымша орталықтандыру және оттегі станцияларын орнату ісі жүргізілді.

«Екінші толқынға» дайындық аясында барлығы 1,7 миллиард теңгеге 185 төсек жаны мониторын, 50 инфузиялық сорғыны, 165 перфузорды, 3 ЭКМО-ны, 200 пульсоксиметрді, 2 балалар ӨЖЖ аппаратын, 200 көпфункционалды кереуетті және басқа құрылғыларды жеткізуге келісім-шарттар жасалды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив