KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Телефондағы әуен арқылы адамның мінезін тануға болады

12.07.2019, 11:50 360

Егер қандай да бір адамды жақынырақ танығыңыз келсе, біз сізге ең оңай жолын ұсынамыз. Қоңырауда тұрған әуеніне құлақ түріңіз. Өйткені психологтардың айтуынша әуен арқылы қасыңызда жүрген адамның мінезін білуге болады.

1.Қоңырауға көңілді әуен қоятын жандар өте мейірімді, сенгіш, ұрыс-жанжалды ұнатпайтын, және кез-келген адамға көмек қолын созуға даяр адамдар. Кемшілігі: жауапкершіліктен қашады.

2. Екінші топқа телефоны көбіне дыбыссыз режимде тұратын адамдар жатады. Олар біреуге жайсыздық тудырудан аулақ болып келеді. Өте сезімтал. Өзгелерге құпиясын ашпайтын жұмбақ. Әрдайым сыпайы әрі сабырлы. Кемшілігі: Ұялшақтық.

3. Арнайы рингтон қоятындар. Бұл топтың адамдары ерекше ойлайды, үнемі қиялдап жүреді. Өзгелерден айрықшаланып тұрғанды ұнатады. Өте ұстамды. Өзіне артылған сенімді ақтауға талпынады. Кемшілігі: Қалжың түсінбейді.

4. Стандартты әуен. Әуен іздемейтін бұл адамдардың адалдығына күмән келтіруге болмайды. Өйткені өте шыншыл келеді. Олар үшін отбасы бірінші орында. Күйгелектік салу оларға жат мінез. Уақытын тиімді пайдаланғанды ұнатады. Кемшілігі: өзіне уақыт бөлмейді.

5. Құстардың сайрағаны немесе романтикалық әуендер. Жақсы дос бола алатындар. Олар әдетте өте сезімтал келеді. Тыныштықты ұнатады. Айналасына қамқорлық танытқанды жақсы көреді.Кемшілігі: уайымшыл, мазасыз.

Сіз қай топқа жатасыз?

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу