KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Өскемен мен Семейде 9300 көше шамы ауыстырылады

16.05.2021, 21:44 206

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдерімен Өскемен мен Семейді, сондай-ақ аудан орталықтарын жарықтандыру жүйелерін жаңғырту жобасының іске асырылу барысын талқылады.

– Өкінішке қарай, өткен жылы мердігер тарапынан міндеттемелерді орындау бойынша біраз проблема туындаған еді. Осыған байланысты, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің өңірлік орталығы аталмыш банк өткізген тендерді ұтып алған «Everlight Electronic Co» компаниясы басшылығының атына тиісті наразылық жолдады. Қабылданған шаралардан кейін шамдарды жеткізудің жаңа кестесі жасалды, –деді облыс әкімі.

Онлайн кездесу барысында компания басшылығы барлық жұмыстарды мерзімінде, яғни, осы жылғы қарашаның соңына дейін толық аяқтайтындарын жеткізді.

Жалпы, екі қалада 22300 шамды, 342 шақырым кабельді, 410 басқару шкафын ауыстыру және бірыңғай диспетчерлік орталықтарды енгізу жоспарланған.

Ал аудан орталықтарында жұмыс шілдеде басталады. Тиісті инфрақұрылымы бар 9300 көше шамын ауыстыру көзделуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу