Аягөздегі мүгедектер бірлестігінде көңілді іс-шара өтті
Аягөз ерікті мүгедектер бірлестігінде кіші-гірім көңілді іс-шара өтті.
2009 жылдың мамыр айынан бастап ерікті мүгедектер бірлестігінде ШҚО «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының «18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар жандарға арналған күндізгі жартылай стационар» жобасы сәтті игерілуде.
Осы жоба аясында мүмкіншілігі шектеулі жандарға Қазақстан республикасының денсаулық министрлігімен бекітілген №165 Стандарт бойынша 8 түрлі арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Бұл мәдени шаралар мүмкіншілігі шектеулі жандардың әлеуметтік дамуына, жалпы қоғам алдында қысылмай, өздерін әрдайым емін-еркін сезінуге мол септігін тигізіп жатыр. Оған дәлел, біздің тәрбиеленушілеріміз, дейді бірлестік төрайымы Р. Керимова -Осы уақыт арасында, туған қаламызда өздерін өте еркін сезінеді: қаламыздың саябақтарына, стадионға, кафелерге, «Қозы көрпеш, Баян-сұлу» мәдениет үйіне әр түрлі мәдени, спорттық шараларға белсене қатысып, әртүрлі марапаттар, құнды сыйлықтар алатыны баршамызға мәлім! Жыл сайын Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің патриоттық, спорттық, отбасы берекесі, т.б. маңызды тақырыптарға сүйенген гранттық жобаларды белсене игереміз.
Сүйікті қаламыздан да шалғай шығып, Қазақстанның басқа да қалаларына саяхатқа шыға алдық! Мәселен, еліміздің Астанасына ЭСКПО-2017 ге 30 адам болып, қуанышқа бөленіп барып қайттық. Облыс орталығы Өскемен қаласына 35 адам топталып барып, «Өскемен» қонақ үйінде емін-еркін жатып, саябақтарын, «Этно-қалашығын», зоопаркты армансыз араладық. Еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласына барып, «Арыстанбаб», «Қожа Ахмет Яссауи», «Укаша-ата» мәдени орталықтарын тамашалап, патриоттық сезімімізді нығайтып қайттық. Жоба игерілуден бастап, шипалы «Алакөл» суына жылда барып, емдік қасиеттерін пайдаланамыз.
Осы жоба барысында тағы бір үлкен айта кететін жетістігіміз, ол 2 – топ мүгедектері Тусупбекова Гулназ, Даутбаев Біржан, Омарова Галина, Умиржанов Ержан, Қалдыбаев Даурен – ұлттық «Қара-жорға» биін күнделікті таңертеңгілік жаттығу ретінде билеп, ниет етіп, өте жақсы игеріп алды. Осы биді Қозы көрпеш, Баян-сұлу» мәдениет үйінің сахнасында әдемі билеп, неше мәрте көрермендердің көзайымы болған.
Осындай дәрежеде мүмкіншілігі шектеулі жандарға қамқор, көңіл бөліп отырған мемлекет басшыларына ризалығымызды айтамыз.
Сүйікті Аягөз қаламызда орналасқан әкімшілік, мешіт, бюджеттік мекемелермен жеке кәсіпкерлерге, баспасөз, әскери бөлімдерінің қызметкерлеріне де, біздің әртүрлі шешім іздеп баратын мәселелерімізге көңіл бөліп, әрдайым, жылы қабақпен қарсы алып, қол-ұштарын беретіндеріңізге мың алғыс айтамыз! Зор денсаулық, асқақ армандарыңызға жетулеріңізді тілейміз!