KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

OskemenBus: әзірге үш бағыт

29.11.2020, 12:35 200
Енді автобустың қайда келе жатқанын көре аламыз

Өскеменде қоғамдық көлікке арналған OskemenBus мобильді қосымшасы ресми түрде іске қосылды, ол автобустар мен трамвайлардың қозғалысын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді.
Әзірге тек үш автобус бағыты: № 3 У-Ка Вокзал - Октябрьский кенті, №12 Кемейжай - Аэропорт және №60 Есенберлин - Октябрьский кенті және барлық трамвай бағыттары көрсетілген.
Желтоқсанның 2-ші жұлдызынан кейін, электрондық билеттеу жүйесі толық жүзеге асырылып, барлық қалалық маршруттарды он-лайн режимде көруге, олардың кестесі мен бағытын, аялдамаға нақты келу уақытын біле аласыз.
Қосымшаның веб-нұсқасы  OskemenBus.kz. сайтында орналақан.
Сонымен қатар қосымшада үш бөлімше бар:
Карта. Онда барлық аялдамалар, қоғамдық көліктің нақты қозғалысын он-лайн түрде бақылай аласыз. Егер іздестіруге аялдаманың атауын жазсаңыз, оған келетін барлық көліктің тізімін көресіз, ал сізге керекті қоғамдық көліктің нөмірін терсеңіз  – маршрут сызбасы және келесі рейс кестесі пайда болады. Егер геопозиция қосылған болса, онда бағдарлама автоматты түрде келесі аялдамаларды көрсетеді.
Таңдаулылар. Онда сіз жиі пайдалану маршруттарын қоса аласыз.
Бағыттар. Бұл бөлімде таңдалған көлікті ескере отырып, А нүктесінен В нүктесіне маршрут құруға болады (бастапқы және соңғы нүктелерді жүргізу керек).
Белгілі бір автобустың кестесін көру үшін аялдама мен көлік түрін таңдау керек.
Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив