KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өскемендік жас фотограф республикалық байқауда жеңімпаз атанды

7.04.2023, 11:48 330 Анель Слямғазықызы

Наурыз айының 21-23 жұлдызы аралығында Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында ұйымдастырылған республикалық фотобайқауда өскемендік Данагүл Әбдікәрім бас жүлде иеленді. 
Аталмыш фотобайқау «Деректі фото» курсы аясында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті мен «National Geographic-Qazaqstan» журналының және Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың ұйытқы болуымен өткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кие қонып, құт дарыған Отырарда өткен фотобайқауда Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және «Деректі фото» курсының жетекшісі Серік Мұқышұлы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Асылхан Әбдірайымұлы сынды өз ісінің мамандары төрелік етті.
«Деректі фото» курсына қатысып, іріктеуден өткен қатысушылар үш күн бойы аудан орталығында өткен Наурыз мерекесін, одан бөлек Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы сынды тарихи-мәдени орындарды, Арыс жағалауы сияқты көрікті жерлерді, музейлер мен ескерткіштерді түсіріп, сынға түсті. 

    
Фотобайқау нәтижесінде өскемендік Данагүл Әбдікәрім  жас болса да, республикадағы майталман фотографтардың арасынан озып шығып, жеңімпаз атанды.
Жерлесімізге толағай табыстар тілейміз!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив