KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.14 477.05 4.85

«Киелі Алтай» фотокөрмесі өтеді

7.10.2019, 10:47 132

Алматы қаласында «Киелі Алтай» фотокөрмесі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, жазда "Шығыс Ақпарат" медиахолдингі, "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған "Киелі Алтай" фотоэкспедициясы өткен болатын. Бір аптаға созылған экспедицияда Қазақстанның төрт бұрышынан келген кәсіби фотографтар алтайдың тұмса табиғатын суретке түсірген еді.

Енді, міне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Қазақстанның киелі жерлері» бағыты бойынша журналистика факультеті мен «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 8 қазан күні сағат 10:40-та әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ ректоратының фойесінде «Киелі Алтай» фотокөрмесі ашылады.

 Фотокөрмеден соң 2018 жылдың әлемнің 10 үздік фотографтары қатарына енген Қытай Халық Республикасы Алтай этно-фотография қоғамының төрағасы, фотоөнер магистрі Серік Мұқышұлының журналистика факультетінде  шеберлік сабағы өтеді.

 Ауқымды іс-шара алдағы уақытта Өскемен және Семей қалаларында жалғасын таппақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив