KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Бабалар рухына тағзым. Аягөздегі билер кесенесі

8.12.2020, 10:07 322

Сарыарқа ауылының терістігін-де ауылдан 12 шақырым жердегі

Қайрақты тауларының баурайын-дағы бір жотада әкелі-балалы Байғара би мен Ақтайлақ бидің архитектуралық келбеті жарасқан, еңселі де, сәулетті кесенесі алыстан мұндалап көз тартып көрінеді.

 

Болашақты қадірлеу үшін өткенді бағалай білу керек екендігін әрқашанда еске ұстап, өнегелі өткенімізді жарқын болашақпен байланыстыру мақсатында көп жұмыстар атқарып жүрген Айбек Мүталапханұлы Каримов сонау 1997 жылы Аягөз ауданы әкімі қызметін атқара жүріп Ұлыларды ұлықтау ұрпақтың парызы екендігін шын жүрегімен түсініп, сайын даланың дана да, дара билері Байғара би мен Ақтайлақ бидің кесенелерін қайта жаңғыртуға игі бастама көтеріп, бұл үлкен іске өзі тікелей басшылық етті. Бастаған істі діттеген жеріне жеткізді. 2001 жылы Ұлы бабалардың сәулетті кесенесі бой көтерді.


Жақында Айбек Мүталапханұлы Сарыарқа ауылына әдейі ат басын бұрып, өзінің ұйымдастыруымен тұрғызылған Байғара би мен Ақтайлақ би кесенесіне барып, бабалар рухына тағзым етіп, құран бағыштады, құрбандық шалып мал сойғызды.


Сарыарқа ауылының тұрғын-дарымен кездесіп, баспаға даярлап жатқан Байғара би жөніндегі кітабының әр тарауына жеке тоқталып, ауыл тұрғындарымен пікір алмасты. Оның сөздерінен қасиетті бабаның аруағын пір тұтып, Байғара бидің сан қырларын зерттеп, зерделеп, халықтың жүрегіне жеткізуде көп ізденістер жасап, ауқымды жұмыстар атқарғанын көрдік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу