ШҚО тұрғыны орманға жидек теруге барып, жоғалып кетті
ШҚО-да орманға жидек теруге барған ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға Риддер қаласының маңында болған. 53 жастағы қала тұрғыны 18 қыркүйекте Голушонок тауының ауданында жоғалып кетті.
Риддер қаласының ТЖ бойынша басқармасының ақпаратына сәйкес, ол достарымен бірге орманға барады. Сол жерде топтан оқшауланып қалып, адасып кеткен.
Қазір оны ТЖ басқармасының қызметкерлері мен құтқарушылар іздестіруде.
Оқи отырыңыз