ШҚО-да орманда адасып кеткен ер адам табылды
Риддердің маңындағы орманда адасып кеткен ер адам туралы жазған едік. Ол кеше достарымен бірге жидек теруге барып, жоғалып кеткен болатын.
Нақтырақ айтқанда, 53 жастағы қала тұрғыны Голушонок тауының ауданында адасқан.
Риддер ТЖБ ақпараты бойынша, ол бүгін сағат 14.00 шамасында аман-есен табылған екен. Анықталғандай, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажет етпейді.
Оқи отырыңыз