KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да жігітімен ұрсысып қалған қыз орманда адасып кетті

11.08.2019, 14:14 235

Бұл оқиға Риддер қаласының маңында болған екен. 26 жастағы қала тұрғыны орманда адасып кетіп, бір тәулік бойы қараусыз қалған үйшікте отырыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, жігіт пен қыз Риддер қаласының маңында табиғатта серуендеуге шыққан. Алайда екі жастың арасында жанжал туып, бойжеткен өз бетімен кетіп қалған екен.

Қызды іздеп таба алмаған жігіт кешке қарай құтқарушыларды шақыртады.

Бойжеткенді соңғы рет Синюха тауының маңынан көргендіктен, өрт сөндіру қызметінің мамандары сол жаққа  қарай бет алады. Оларға Өскемен қаласынан келіп жеткен құтқарушылар тобы мен кинологтар қосылады.

Орманда адасқан бойжеткен бір тәуліктен кейін Шаравка өзенінің шатқалындағы қараусыз қалған үйшіктен табылыпты. Бұл жер Риддер қаласынан 30 шақырымдай жерде орналасқан. Анықталғандай, қыз дін аман, медициналық көмекке зәру емес екен. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу