Өскеменде 10 жастағы бала суға кетті
Өскеменде Ертіс өзеніне шомылып жүрген 10 жастағы бала суға кетті, деп хабарлайды Altaenews тілшісі.
Қайғылы оқиға 15 шілдеде болған. 7 және 10 жастағы екі бала «Пасека» шаруа қожалығының маңында ересектердің қадағалауысыз суға шомылып жүрген.
Ағысқа төтеп бере алмаған олар суға тұншыға бастаған. Бұларды жағалауда жүргендер байқап қалып, 7 жастағы баланы судан шығарып үлгерген екен. 10 жастағы баланы ағыс алып кетті.
Құтқарушылар баланың мәйітін оқиға болған жерден 150 метр қашықтықтан тауып алды.