KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Шығысқазақстандық полициейлер жолда қалған түркиялық жүргізушіге көмектесті

2.12.2022, 17:02 475 Ләззат Қанатқызы

30 қараша күні сағат 22.40 шамасында Акин Мустафа есімді Түркиядан келген жүргізуші  "Өскемен-Семей" тас жолында тұрып қалған.

Сол уақытта кезекшілікте жүрген ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция аға лейтенанттары Кәкенов пен Алтайұлы "Ман" маркалы көлікті байқап, бірден көмекке келген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Полицейлер өзге ұлт өкілін бірден Таврия кенттік полиция бөліміне жеткізген.

- Белгілі болғандай, азаматтың көлігі бұзылып, дизелі қатып қалған көрінеді. Ол уақытта ауа температурасы -32 градусқа жеткен. Ұлан ауданының полицейлері оны Приволье ауылының ТЖ ғимаратында орналасқан жылыту пунктіне апарып,ыстық тамақ пен қонатын жер қарастырған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ал, 1 желтоқсанда Ұлан ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция майоры Мақанов Макан мен полиция капитаны Төлегенов Серғазы көліктің  бұзылу себебін анықтау үшін мамандарды шақырып, жүк көлігін жөндеуге қосалқы бөлшектер сатып алу үшін Өскемен қаласына жеткізген.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Мұстафа Акин өзінің туған қаласы Ақсарайға аттанып кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу