KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

ШҚО: Құтқарушылар пеш жаққанда өрттен қалай сақтану керектігін түсіндірді

12.01.2023, 14:22 261 Ләззат Қанатқызы

Өңірде қатты аяз болған күндері көмірқышқыл газымен улану және өрт оқиғалары жиі тіркеледі. ШҚО ТЖД құтқарушыларының айтуынша, қыс мезгілінде үйдің жылы және қауіпсіз болуы үшін пеш дұрыс қалануы керек. Оған немқұрайлы қараудың арты өте ауыр жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.

Қазір облыс бойынша шамамен 114 мың үй пеш пайдаланады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Пештің қауіпсіздігімен қатар шатырға да назар ауарған жөн. Негізі тұрғын үйлерден шыққан тілсіз жау түрлі тез таралады. Себебі, төбедегі жылуды ұстау үшін қолданылатын түрлі ағаш материалдар, үйде сақталған ескі заттар, кітаптар мен жиhаздар тез жанады, - дейді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Сондай-ақ ТЖ мамандары алдағы күндері аймақта дауыл туралы ескерту жарияланғанын, суық антициклон және температураның төмендеуі сақталатынын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу