KZ
Өскемен
-34°
туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

Өскемен-Семей тас жолында жол апатынан 2 адам көз жұмды

16.01.2023, 10:45 451 Ләззат Қанатқызы

Өскемен – Семей тас жолында жол апаты болып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмған.

14 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында Өскемен-Семей тас жолында ВАЗ және Toyota көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Сондай-ақ көлікте кәмілетке толмаған 3 бала болған. Балалар, Toyota көлігінің жүргізушісі мен жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу