KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, В
521.67 592.46 6.32

ШҚО-да жол апатында бір адам қаза тауып, бесеуі жарақаттанды

29.05.2019, 13:50 276

Омбы-Майқапшағай тас жолында жол апаты болды. Бір адам қаза тауып, бесеуі жараланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жол апаты 28 мамыр күні сағат түнгі он екіде Көкпекті ауылынан 12 шақырым жерде болған.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ21114 және ВАЗ 2106 автокөліктері соқтығысты. ВАЗ 2106 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Бұл көліктегі екі жолаушы мен ВАЗ 21114 көлігінің екі жолаушысы мен жүргізушісі түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу