Катонқарағайда 2 әйел көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді
Шартты сурет
Катонқарағай ауданында көмірқышқыл газына уланған 2 әйел ауруханаға жеткізілді.
Құтқарушылар өткен 2022 жылы желтоқсан айында келіп, ниісті нұсқаулық бергенімен, үй иесі еш нәтиже шығармаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Үй иесі пеш жаққанда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған, пеш мұржасын да уақытылы тазартпаған. Соның салдарынан 31 және 22 жастағы екі әйел адам көмірқышқыл газына уланды., - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта екеуі де аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне жатқызылған.