Алтай ауданында 8 жастағы баланы ит қауып алды
7 қыркүйек күні Алтай қаласында көршісінің иті 8 жастағы баланы қауып алған.
Иттің иесі үйден шыққанда қақпаны ашық қалдырып кеткен. Сыртқа шығып кеткен ит көрші аулада ойнап жүрген баланы қауып алыпты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жеткіншек тез арада ауруханаға жеткізіліп, оқиға туралы полиция қызметкерлеріне хабар берілді.
- Аталған факт бойынша ӘҚБтК-ның 407-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды (жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнаманы бұзу), оның шеңберінде 17 250 теңге айыппұл қарастырылған, - деді Алтай аудандық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Дмитрий Шило.
Оқи отырыңыз