Өскеменде ойнап жүрген баланы көлік қақты
Өскеменде ойнап жүрген 7 жастағы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция басқармасына хабар кеше сағат 13:00 шамасында жеткен. Оқиға Гагарин бульвары көшесі, 34-үйдің ауласында болған.
Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, жүргізуші көлігін тұраққа қоярда 7 жастағы баланы қағып кетіпті. Баланың терісі сыдырылып, соққы тиген жері көгеріп қалыпты.
Әкімшілік кодекстің 610-бабына сай, 30 жастағы жүргізушіге хаттама толтырылды.
Енді баланың сол сәтте үлкендердің қарауында болған, я болмағаны анықталып жатыр.
Бір айта кетерлігі, қазір баланың денсаулығы жақсы.
Оқи отырыңыз