KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскеменде кәріз құдығына түсіп кеткен ит құтқарылды

17.12.2020, 13:15 159

Өскеменде құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен итті құтқарды. 

Көкжал Барақ көшесіндегі кәріз құдығына түсіп кеткен иттің қыңсылын жақын маңнан өтіп бара жатқан әйел естіген. Ол оқиға орнына құтқарушыларды шақырған.

"Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған жасағының қызметкерлері итті кәріз құдығынан жануарды аулауға арналған ілмектің көмегімен шығарған. Қазіргі таңда оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі ит құтқарылғаннан кейін иесіне қарай қаша жөнелгенін атап өтті. Алайда жолдың ортасында кәріз құдығының неге ашық жатқаны белгісіз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив