ШҚО-да суға батып кеткен зейнеткердің денесі табылды
Жазатайым оқиға салдарынан суға батып кеткен әйел адамның денесі табылды.
Барлығы 9 рет су астына түсу жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 8 желтоқсан күні сағат 10.00-де 1950 жылғы әйел адамның денесі табылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсан күні "Қызыл Ту" өткелі ауданында мұз жарылып, бір адам мерт болған. Жеңіл көлік паромды күтпей, мұздың үстін кесіп өтпек болған. Алайда жағадан 800 метр қашықтықта мұз жарылып, көліктегі 4 адам өз бетінше шығып үлгеріпті. Ал 1950 жылғы әйел адам суға батып кетті.
Оқи отырыңыз