Шемонаихадағы өзенге тағы бір жігіт батып кетті
ШҚО-да суға кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қайғылы оқиға 20 маусым күні Шемонаиха ауданында болған. 29 жастағы жігіт Үбе өзеніне шомыламын деп, батып кеткен.
Шемонаиха Төтенше жағдай басқармасының айтуынша, 20 маусым күні жағалауға бірнеше ер адам жиналып, ішімдік ішкен көрінеді. Демалып жүргендердің біреуі суға шомылмақ болған, бірақ ақыр соңында суға кеткен. Араға екі күн уақыт салып, ер адамның денесі табылды.