Катонқарағайлықтар өз таңдауын жасап жатыр
ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы Катонқарағай ауданының барлық сайлау учаскелерінде таңғы 7.00-де біріңғай бастау алды.
Катонқарағай ауданының Жұлдыз ауылындағы 855-ші сайлау учаскесі өз жұмысын еліміздің Әнұранымен ашты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Ауыл тұрғыны Қайрат Бапуров бірінші дауыс беруші ретінде сөз алып, маңызды саяси науқанның басталуымен ауылдастарын құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Айгүл Серікпаева бірінші сайлаушыға учаске комиссия атынан естелік сыйлығын тарту етті.
Сайлау науқанына бірінші боп келгендердің қатарында ауыл т9рғыны Ермек Маратов та бар.
Жұлдыз сайлау учаскесінде барлығы 143 сайлаушы тіркелген. Сайлау барысының дұрыс өтілуін 4 бақылаушы қадағалап отыр.