Қариялар өздері келіп дауыс беріп жатыр – Өскемен
Өскемен қалалық №7 мектепте орналасқан №96, 100 сайлау учаскелерінде қала тұрғындары өз таңдауларын жасап, дауыс беріп жатыр. Таңнан бері сайлауға келген жұрттың арасында жас та кәрі де бар.
Аталған сайлау учаскесі қызметкерлерінің айтуынша 80 жастан асқан үш қария өздері келіп дауыс беріп, таңдауын жасап кеткен. Сайлауға келушілердің арасында жастардан қарағанда орта буын өкілдері белсенді көрінеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Бұл мектепте орналасқан №100 сайлау учаскесі бойынша 2037 адам дауыс беру керек. Алғашқы екі сағат ішінде 230 адам дауыс беріп үлгерген екен.
№96 сайлау учаскесінің сайлаушылары да саяси додадан қалыс қалмаған.