Тарбағатайда алтын құрсақты аналар дауыс берді
Саяси науқанға тұрғындар бір кісідей ат салысып, ауа райының қолайсыздығына қарамастан белсенділік танытуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тарбағатай ауданында №906 сайлау учаскесіне 12 баланы тәрбиелеп өсірген, “Алтын алқа” иегері Омарова Қайша әже мен 9 баланы өмірге әкелген, “Алтын алқа” иегері Сулейменова Кулшира әже келіп, өз таңдауларын жасады.
Жалпы облыс бойынша 500 мыңға жуық сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. Бұл ретте мыңнан астам сайлаушы басқа өңірде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін алғанын айта кету керек.
Оқи отырыңыз