Өскеменде ОСК өкілдерінің қатысуымен семинар өтті
Өскеменде орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысуымен көшпелі семинар өтті.
Іс-шарада сайлауға қатысты ең маңызды шаралар талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мәселен, 19 наурызда дауыс берушілерге бір емес, бес бюллетень ұсынылады. Сайлаушылар оңай ажырату үшін және дауыс есептеушілер шатаспас үшін бюллетеньдер түрлі түсті болады.
Жалпы, облыста 533 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 500 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. 4 наурыздан бастап әр тұрғын өз дауыс беру учаскесінде бар-жоғын анықтай алады.
– Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін жасады. Тізім учаскелік сайлау комиссиясына берілді. Сайлау кезінде азамат тіркелген жерінде болмаған жағдайда, есептен шығару табелі беріледі, содан кейін сайлаушы, өзі барған мекенжай бойынша дауыс бере алады, – деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алқанова.