KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1,6 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

«Торпедо» Ресейдегі дәстүрлі турнирге қатысады

7.08.2019, 11:15 139

Өскемендік «Торпедо» Ресейдің Ижевск қаласында өтетін В.Тарасовты еске алуға арналған турнирге қатысады.
Осымен 15-ші рет ұйымдастырылатын жарыста жерлестерімізден бөлек, айдын иелері «Ижсталь» командасы, сондай-ақ Перьмнің «Молот-Прикамьесі» мен Самараның ЦСК ВВС-і бақ сынайды. Жарыста біздің команда сапында 26 хоккейші өнер көрсетпек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Торпедо» хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді. Төменде оқырман назарына жарыс аясындағы ойындар кестесін ұсынып отырмыз. Ойындар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша басталмақ.

9 тамыз (жұма):

16:00 – «Торпедо» – ЦСК ВВС;
21:00 – «Ижсталь» – «Молот-Прикамье»;
10 тамыз (сенбі):
16:00 – «Молот-Прикамье» – «Торпедо»;
21:00 – «Ижсталь» – ЦСК ВВС;
11 тамыз (жексенбі):
14:00 – ЦСК ВВС – «Молот-Прикамье»;
19:00 – «Ижсталь» – «Торпедо».

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив