KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

«Торпедо» Тарасов мемориалында екінші орыннан көрінді

13.08.2019, 09:36 213

Өскемендік «Торпедо» В.Тарасовты еске алуға арналған турнирдің жүлдегері атанды. Аталған жарыс Ресейдің Ижевск қаласында өткен болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осымен 15-ші рет ұйымдастырылған турнирде жерлестерімізден бөлек, айдын иелері «Ижсталь» командасы, сондай-ақ Перьмнің «Молот-Прикамьесі» мен Самараның ЦСК ВВС-і бақ сынаған-ды. Бұлардың үшеуі де – Жоғары хоккей лигасында өнер көрсететін ұжымдар, яғни «Торпедоның» алдағы маусымдағы қарсыластары деген сөз. Сол себептен болар, биылғы додаға қатысқан командалар турнирге негізгі құрам ойыншыларын ала келіпті. Бұл жайт онысыз да тартысқа толы жарыстың көркін одан сайын қыздыра түсті.

«Торпедо» хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, жерлестеріміз бірінші турда ЦСК ВВС командасымен кездескен-ді. Бұл матчта Алексей Ждахин шәкірттері 5:1 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен келесі ойында жерлестеріміз «Молот-Прикамьеге» жол беруге мәжбүр болды. Есеп 3:4. Ал турнирдің соңғы күні торпедолықтар айдын иелері – «Ижсталь» хоккейшілерін 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, өскемендік команда үш ойында жеті ұпай жинап, «Молот-Прикамьеден» кейінгі екінші орынды иеленді.

Енді торпедолықтар ЖХЛ-дың тұрақты чемпионатына дайындығын бастамақ. Еске салайық, жарыстың бірінші турында жерлестеріміз былтыр плей-офф кезеңінің ақтық сынына дейін жеткен Түменнің «Рубинымен» кездеспек. Аталған ойын 9 қыркүйек, дүйсенбі күні Өскемендегі Б.Александров атындағы Спорт сарайында ойналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу