Өскеменде кросс-фест өтеді

18 қыркүйек күні, яғни ертең Өскеменде кросс-фест өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімдігінің дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі барша спортсүйер қауымға арнап жүгіруден жарыс ұйымдастырмақ.
- Бұл дәстүрлі спорттық шараға барлық қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Айта кетерлігі, қатысушылардың жас мөлшеріне қарай әр санатта жеңіске жету мүмкіндігі бар. 12-17 жас, 18-29 жас, 30-44 жас,45 және жоғары аралықтарында арнайы жүлделер табысталмақ, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Яғни, жүлделі 1-2-3 орын қатысушылар арасында төрт-төрттен үлестіріледі.
Оқи отырыңыз