Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 2-ші орын алды

Бүгін жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасының қоржынына 12 медаль, яғни 6 алтын, үш күміс және үш қола медальмен екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Чемпионаттың бірінші орынын Жапония командасы иеленді, үздік бестіктің қатарынан Катар, Өзбекстан және Үндістан командалары көрінді.
Үшінші жарыс күні спортшылар мен көрермендер үшін ерекше болды. Чемпионаттың соңғы сәтінде Дэвид Ефремов 60 метрге кедергілермен жүгіруде ұлттық құраманың қоржынына тағы бір алтын әкелді.
- ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті ретінде мен барлық спортшыларға, жаттықтырушылар құрамына, төрешілерге және жанкүйерлерге зор алғыс білдіремін. Біздің спортшылар кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жеңіске әбден лайық екендерін дәлелдеді, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз