KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Жеңілатлеттеріміз ел чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

29.07.2019, 10:59 198

14! Алматыда жеңіл атлетикадан мәресіне жеткен кезекті, 28-ші Қазақстан чемпионатында «Altay athletics» клубының спортшылары қоржынға дәл осыншама медаль салды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Үш күнге созылған жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан, сондай-ақ Тәжікстаннан келген 160-тан астам атлет қатысқан-ды. Әдеттегідей біздің облыстың намысын қорғаған спортшылардың денін «Altay athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының өкілдері құрады. Жерлестеріміз бұл жолы да бабында екенін көрсетіп, облыс құрамасының қоржынына 14 жүлде салды.

Ел чемпионы атағына Михаил Литвин (400 метрге жүгіру), Ольга Сафронова (100 және 200 метрге жүгіру), Варвара Назарова (найза лақтыру) мен Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) ие болса, Элина Михина екі күміс (100 және 200 метрге жүгіру), Андрей Соколов бір күміс (400 метрге жүгіру), бір қола (200 метрге жүгіру) жүлдені қанжығалады.

Сондай-ақ, Владислав Бахтин (биіктікке секіру, екінші орын), Анастасия Калошина (шарбалға лақтыру, үшінші орын), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру, екінші орын), Жанна Мамажанова (бес мың метрге жүгіру, екінші орын) мен Екатерина Ефремова (кедергілері бар 400 метрге жүгіру, екінші орын) да жүлдегерлер қатарынан көрінгенін айта кеткен абзал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив