KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

«Altay Athletics» спортшылары тағы да биіктен көрінді

30.05.2019, 10:35 176

Алматыда жеңіл атлетикадан «Eurasian athletics meeting U20» деп аталатын халықаралық жарыс басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге жерлестеріміз де қатысуда. Арасында «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының өкілдері де аз емес.

Шығысқазақстандық спортшылар жарыстың бірінші күнінде-ақ қоржынға жүлде салды. Атап айтсақ, бұл күні жарыс жолына шыққан Айым Қайсанова 400 метрге жүгіру сайысының қола жүлдегері атанса, биіктікке секіру сынында Владислав Бахтинге тең келер ешкім болмады. Осы ретте аты аталған спортшылар «Altay Athletics» клубының жастар командасында өнер көрсететінін айтқан абзал.

Шығысқазақстандық клубтың тағы екі мүшесі Владимир Фещенко мен Александр Аксютиннің де қанжығалары майланды. Жерлестеріміз ерлер арасындағы 4х100 эстафетасына атысып, құрама қоржынына тағы бір алтын жүлдені салды.

Айта кетейік, Алматыда өтіп жатқан жарыста Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан сияқты елдердің атлеттері сынға түсуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив