ШҚО-да волейболдан жарыс өтті
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында орта мектеп оқушылары арасында «Есірткіге жол жоқ» ұранымен волейболдан жарыс өткізілді. Аталған іс-шараны өткізуге БЖСМ, ШҚО «Алтай» облыстық спорт мектебінің командалары қатысты, сондай-ақ облыстың жоғары санатты ұлттық төрешілері қатарынан төрешілер командасы тартылды. Іс-шараның ашылуында ҚР Ұлттық гвардиясының оркестрлік ансамблі мен ШҚО ПД хорының орындауында ҚР Әнұраны шырқалды.
Командалар ШҚО ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бағалы сыйлықтарымен марапатталды, сондай-ақ «Есірткіге жол жоқ!» логотипімен футболкалар мен кепкалар сыйға тартылды.
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері балалардың, жасөспірімдер мен жастардың арасында нашақорлықтың алдын алу және нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру, бос уақытты ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тұрақты негізде іс-шаралар мен акциялар өткізіп тұрады.