KZ
Өскемен
-15°
ясно жел 2 м/с, С
529.7 545.96 5.17

«Торпедо» қарысластарынан ұзап барады

18.01.2021, 14:44 175
Өскеменнің «Торпедосы» мен Атыраудың «Бейбарысы» арасындағы екінші кездесу де айдын иелерінің пайдасына аяқталды. Борис Александров атындағы спорт сарайында ойналған бұл ойынның тағдырын жалғыз шайба шешті.

Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын өткен қарсыластар арасындағы алғашқы матчта 2:1 есебі тіркелген болатын. Ол ойында өскемендік ұжым сапында Матвей Тымченко мен Кирилл Савицкий көзге түскен еді. Ал бұл жолғы кездесуде айдын иелеріне жеңісті Александр Архиповтың дәл соққысы әперді. Ойынның 27-ші минутында тағы бір Александр – Шиннің пасын ұтымды пайдаланған қазақстандық шабуылшы осылайша командасына кезекті екі ұпайды сыйлады.

Осы жеңісінен кейін қоржынындағы ұпайлар санын 79-ға дейін жеткізген «Торпедо» қарсыластарынан ұзай түсті. Дәл қазір ел біріншілігі аясында 32 ойын өткізіп үлгерген өскемендік ұжым екінші орындағы «Номадтан» (Нұр-Сұлтан) бес ұпайға алда. Осы ретте, жерлестеріміз елордалық командаға қарағанда екі ойын кем өткізгенін айта кеткен абзал.

Ел чемпионатында өнер көрсетіп жатқан тағы бір өскемендік команда – «Алтай Торпедо» әзірге 10-шы орынды місе тұтуда. Қоржынында 36 ұпайы бар жерлестеріміз плей-офф кезеңіне қатысуға мүмкіндік беретін сегізінші орыннан сегіз ұпайға қалып тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу