KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

«Торпедо» «Ақтөбенің» қақпасына 10 шайба соқты

13.01.2021, 12:08 131
Өскеменнің «Торпедосы» мен «Ақтөбе» арасында өткен қос кездесудің екеуі де біздің команданың пайдасына аяқталды. Бір атап өтерлігі, Өскемендегі Борис Александров атындағы Спорт сарайында ойналған бұл ойындарда ақтөбелік ұжым айдын иелерінің қақпасынан екі мәрте саңылау тапса, қонақтар қақпасында 10 шайба тулады.

Дегенмен, қарымта матчпен салыстырғанда қарсыластар арасындағы бірінші кездесуде «Ақтөбе» хоккейшілері фаворит саналған «торпедолықтарға» әжептәуір қарсылық көрсете білді. Өскемендік команданың ойыншылары Сергей Кузнецов пен Кирилл Савицкийдің дәл соққыларына қонақтар Иван Зинченконың шайбасымен жауап қайырды. Қорытынды есеп 2:1.

Ал қарымта ойындағы есеп кездесудің небары 20-шы секундында ашылды. Көзге түскен өскемендік ұжымның қорғаушысы Дмитрий Стулов болды. Бұдан кейін ақтөбелік команданың қақпасында тағы жеті шайба тулады. Алдымен шабуылшы Никита Сироткин нәтижелі соққының авторы атанса,
артынша қос Дмитрий – Гренц (дубль) пен Стулов (дубль), сондай-ақ, қос Александр – Мерескин мен Шиннің қанжығасы майланды. Айдын иелерінен мұндай тегеурінді күтпеген қонақтар жалғыз шайбамен ғана жауап бере алды. Қорытынды есеп 8:1 «Торпедо» пайдасына.

Осы жеңістерінен кейін қоржынындағы ұпайлар санын 73-ке дейін жеткізген «Торпедо» ел біріншілігінде жеке-дара көш бастап тұр. Қазақстан чемпионаты аясында 30 ойын өткізген өскемендік ұжым екінші орындағы Нұр-Сұлтанның «Номадынан» бес ұпайға алда. Алайда, жерлестеріміз елордалық командаға қарағанда бір ойын кем өткізген-ді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив