Волейбол: Жеті ойында бір жеңіс
Щучинск қаласында волейболдан ерлер командалары арасындағы Ұлттық лига ойындарының екінші кезеңі мәресіне жетті. Өкінішке қарай, бұл жолы өскемендік «Алтайға» сәттілік жолдас болмады.
Олай дейтініміз, Шучинскідегі тур аясында барлығы жеті кездесу өткізген «Алтай» оның біреуінде ғана жеңіске жете алды. Ал қалған алты ойын өскемендік команданың қарсыластарының пайдасына аяқталды. Осылайша, бірінші турда төрт ойында жеңіске жетіп, биылғы ел біріншілігін тәп-тәуір бастаған жерлестеріміз біріншіліктің екінші кезеңінде білгендерінен жаңылғандай болды.
Алдымен, «Тараздан» 0:3 (14:25, 24:26, 27:29) есебімен ұтылған «алтайлықтар» артынша петропавлдық «Есіл-СК» командасына да дәл сондай есеппен (партиялардағы нәтиже 20:25, 23:25, 16:25) есе жіберді. Бұдан соң, өскемендік ұжым «Ұшқын-Көкшетау» волейболшыларына да ұпай сыйлауға мәжбүр болды. Бес кезеңге созылған бұл ойын 2:3 есебімен (21:25, 25:21, 23:25, 25:18, 13:15) көкшетаулық команданың пайдасына аяқталды. Ал «Маңғыстаумен» (23:25, 22:25, 25:22, 20:25) және «Атыраумен» (22:25, 25:21, 15:25, 22:25) өткен ойындарда бірдей есеп тіркелді, 1:3. Екі кездесуде де батыстық волейболшылардың мерейі үстем болды. Соңғы кездесуде өзі сияқты тағы бір жарыс аутсайдерімен жолыққан «Алтай» бұл жолы дегеніне жетті. Турнир кестесінің соңғы орнында тұрған «Павлодарды» 3:0 (25:17, 25:15, 25:21) есебімен талқандаған жерлестеріміз осылайша Шучинскідегі алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Қазір қоржынында 16 ұпайы бар біздің команда жетінші орында орналасуда.
Ал көш басында жеті кездесудің бәрінде жеңіске жеткен «Буревестник» тұр. Алматылық ұжым 35 ұпайға ие. Екінші орындағы «Маңғыстаудың» қоржынында 31 ұпай бар болса, үздік үштікті 24 ұпаймен «Атырау» қорытындылауда.

Оқи отырыңыз