KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Волейбол: Ұлттық лига аясындағы келесі ойындар қашан

23.12.2020, 12:17 185
Қазақстан волейбол федерациясы Ұлттық лига аясындағы келесі ойындар қашан ойналатынын хабарлады.

Федерациясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қыздар командалары арасындағы ел біріншілігінің үшінші кезең ойындары 15-24 қаңтарда Павлодарда өтуі тиіс. Ал ерлер додасы 20-29 қаңтар аралығында Өскеменде өтеді деп жоспарлануда.
 
Бір айта кетерлігі, жарыс елдегі карантин шаралары жеңілдетіліп, құзырлы органдар рұқсат берген жағдайдаға ғана ұйымдастырылмақ.

Еске салайық, қыздар командалары арасындағы биылғы ел чемпионатының алғашқы екі кезеңінен кейін бірінші орынға өскемендік «Алтай» көтерілді. Жарыс аясында 13 кездесу өткізген жерлестеріміз оның түгелінде жеңіске жетіп, 39 ұпаймен жеке-дара көш бастады. «Алтайлықтар» екінші орындағы Петропавлдың «Қуанышынан» 12 ұпайға озып тұр. Ал былтырғы ел чемпионатында топ жарған Талдықорғанның «Жетісуы» әзірге төртінші орында орналасуда. Ерлер арасындағы бәсекеге келер болсақ, әзірге командалар екінші тур ойындарын өткізуде. Шучинск қаласында ойналып жатқан бұл кезең ойындары 28 желтоқсанда аяқталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив