KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

ШҚО: Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

2.12.2022, 14:35 669 Ләззат Қанатқызы

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде құбылмалы ауа райы күтіледі.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, аяз болып, артынша бірден күн жылынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Айдың бірінші жартысында Салехард аудандарынан шыққан арктикалық суық ауа райына әсер етеді. Күндіз температура бағаны -17... -23, ал түнде -25 ... -37 градусқа дейін төмендейді, - дейді синоптиктер.

Ал, айдың ортасында Скандинавия аймақтарынан циклон келуі мүмкін. Жалпы, болжам бойынша желтоқсанда орташа ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болады.

Десе де, облыс орталығында алдағы күндері аяз болып, 3-4 желтоқсан күндері -30 градусты көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу