ШҚО-да бұрқасын жел болады
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 27 қаңтарда ШҚО солтүстігінде боран соғуы мүмкін.
Оңтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Бұрқасын, тұман кезінде көріну нашарлап, жол тайғақ болады. Сондықтан тұрғындарға өте мұқият болу керектігін еске саламыз. Жолға шықпас бұрын дөңгелектеріңіздің сенімді екеніне көз жеткізіп, жол төсемінің жағдайын біліп, жылдамдық режимін сақтау керек, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз