KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, ОШ
498.51 522.84 4.81

Бүгін түстен кейін боран болуы мүмкін - ШҚО

4.12.2022, 09:34 443 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, 4 желтоқсан күні түстен кейін облыстың батысында, солтүстігінде қарлы боран болады.

Өскеменде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Тұрғындарға өте мұқият болу керектігін тағы бір еске саламыз. Алыс жолға шықпас бұрын жолдардың жай-күйін қадағалап, қауіпсіз жылдамдық пен жол ережесін қатаң сақтаңыз, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Автожолдардың жай-күйі, туралы ақпаратты "Дармен" мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз "112" арнасына қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу