Бүгін 35 градусқа дейін ыстық болады – ШҚО
Фото: syrboyi.kz
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 12 шілде күні түстен кейін облыстың солтүстігінде солтүстік, солтүстік-шығыс екпіні секундына 15-18 метр жел соғады.
Күндіз облыстың көп бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Сондай-ақ облыстың оңтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Сонымен қатар суға шомылуға барсаңыз, тек рұқсат етілген жерлерде, абаттандырылған жағажайларда болғаныңыз дұрыс және балаларды су айдындарында жалғыз қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруы шектеледі. Себебі қатты ыстық күндері орманда от жағуға, шөп өртеуге тыйым салынады.
Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, 101 және 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.