KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Алдағы күндері 41 градусқа дейін ыстық болады – ШҚО

Фото: dauletten.kz

11.07.2023, 15:36 1 180 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 14 шілдеде күндіз ШҚО-ның оңтүстігінде 41 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

Сондай-ақ өңірде 13-14 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 "Күн қатты ыстық кезде сыртқа шықпауға тырысыңыз. Егер шұғыл жұмыстарыңыз болса, сыртта, көлеңкеде жүргеніңіз абзал. Салқын душ қабылдап, табиғи матадан жасалған жеңіл және кең киім киіңіз, сыртқа шыққанда бас киім мен күннен қорғайтын көзілдірік тағыңыз. Қантты және алкогольді сусындардан аулақ болыңыз", деп ескертеді құтқарушылар.

Сонымен қатар суға шомылуға барсаңыз, тек рұқсат етілген жерлерде, абаттандырылған жағажайларда болғаныңыз дұрыс және балаларды су айдындарында жалғыз қалдырмаңыз.

Қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруы шектеледі. Себебі қатты ыстық күндері орманда от жағуға, шөп өртеуге тыйым салынады.

Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, 101 және 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив