ШҚО: Қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Фото: dauletten.kz
Күздің алғашқы айында еліміздің басым бөлігінде күн салқын, жаңбырлы болмақ, кей аймақтарда жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.
"Қазгидромет" РМК қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО-да қыркүйек айының басында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Алғашқы аптасында ауа температурасы 17-26 градусты көрсетіп, түнде 2-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал екінші және үшінші онкүндігінде термометр бағаны күндіз 10-12 градус, түнде 0-ден 6 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, дейді синоптиктер.
Жалпы алғанда, республика аумағының басым бөлігінде бір айдағы орташа ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде.
Оқи отырыңыз